Қазақстанда дипломдар мен аттестаттар QR-код арқылы беріледі

0
544

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отрысындағы баяндамасында білім беру саласын цифрландыру туралы айтты.


Қазақстанда дипломдар мен аттестаттар QR-код арқылы беріледі

ERNUR.KZ. Сөзінше, аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, деп жазады stan.kz.

Министр балабақшаға кезек цифрлық форматқа көшірілгенін айтты. Дегенмен кезекке қою бойынша облыстарда 44 ақпараттық жүйе пайдаланылады, яғни әлі де бірізділік жоқ.

“Осы мәселені шешу мақсатында орталықтандырылған балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі. Бұл балабақшалардағы кезекке тұруды, берілген жолдамаларды бақылауға, орындарды бөлу кезінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді”, – деді ол.

Бұдан бөлек педагогтің цифрлық портфолиосы еңгізіледі, сәйкесінше оның аттестациясы, жұмысқа қабылдау рәсімі, конкурстарға қатысуы, жетістіктері және барлық ақпараты сол жүйеге жүктеліп электронды форматта өтеді.

“Мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингтеу цифрлы форматқа көшіріледі. Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, әр оқушының да цифрлық профилі еңгізіледі. Онда оқушының балабақшадан бастап мектеп әлде колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы, біз сөзбен айтқанда цифлық ізі қалыптастырылады”, – деп түсіндірді министр.

Ең қажетті қызметтер толығымен eGov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді болады.