Қазақстанда екі әуекомпанияның сертификаты тоқтатылды

0
589

Екі компания да Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамаған.


Қазақстанда екі әуекомпанияның сертификаты тоқтатылды

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамауына байланысты Azee Air ЖШС және Sigma Airlines ЖШС әуекомпанияларының пайдаланушы сертификаттары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Комитет мәліметінше, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында келесі жұмыстарды жүргізді.

"Қазақстан Республикасы және ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамауына байланысты Azee Air ЖШС және Sigma Airlines ЖШС әуе компанияларының пайдаланушы сертификаттары уақытша тоқтатылды.
Тиімсіз іске асырылған құқық нормаларын анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсатта жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін тіркеуге және оларды кейін бақылауға арналған қосымша шарттар анықталды. Олар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасына енгізілген (Заңды қабылдаудың күтілетін мерзімі 2020 жылдың 4 тоқсаны)", - делінген хабарламада.

ИКАО-ға мүше мемлекеттерде ұшу қауіпсіздігін бақылау деңгейі ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша анықталады (аудит немесе валидациялық миссия).

Алдын ала ақпарат бойынша, Қазақстанда ИКАО аудиті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі саласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын тиімді енгізу деңгейін арттыру үшін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасының әзірленгені айтылады. (Заңды қабылдаудың күтілетін мерзімі 2021 жылдың 4 тоқсаны).