Қазақстанда электромобильдерді әкелу кезінде кімдер салықтан босатылады

0
419

Мұндай шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия 2022 жылғы 17 наурызда қабылдады.


Қазақстанда электромобильдерді әкелу кезінде кімдер салықтан босатылады

ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған электромобильді импорттау кезінде кедендік баждар мен салықтан босатылады, деп жазады zakon.kz.

Ол үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері болуы қажет.

"Бұл ретте, азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салу түріндегі шектеулер қойылады".ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Азаматтар жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тапсыру үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып өзі, кеден бекетінің инспекторына жүгіне алады (егер электромобиль Қытайдан әкелінген болса CMR, ТТН, сатып алу келісім шарты/инвоис, көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік, тех.паспорты, экспорттық декларация).

Сондай-ақ уақыты болмаған жағдайда, кеден өкілдерімен (брокерлік компаниялар) шарт жасасу арқылы олардың қызметін пайдалануға мүмкіндік бар.

Мемлекеттік кірістер комиететінің мәліметінше, заңды тұлғаларға электромобильдерді әкелуі кезінде кедендік төлемдерден ғана босату қарастырылған, ал салықтарды төлеуі қажет.

Бұл ретте, мұндай тауарлар шартты түрде шығарылған болып есептеледі және сонымен қатар оларға да Ресей Федерациясына сатуға шектеулер қойылған.

Заңды тұлғалар тек Дүниежүзілік сауда ұйымының мөлшерлемелері шеңберінде кедендік баждарды төлеуден босатылады.

Мұндай шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия 2022 жылғы 17 наурызда қабылдады.