Қазақстанда электронды кедендік сүйемелдеу іске қосылады

0
2 199

Өзгерістер енгізу туралы заң осы жылдың 5-қаңтарында қабылданған.


Қазақстанда электронды кедендік сүйемелдеу іске қосылады

ERNUR.KZ. Елімізде 16 қаңтарынан бастап кеден занамасына жүк көлік құралының нақты орналасқан жерін мен уақытын анықтауына мүмкіндік беретін түзетулер күшіне енеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады baq.kz.

Өзгерістер енгізу туралы заң осы жылдың 5-қаңтарында қабылданған.

Комитеттің хабарлауынша, түзетулер негізінде қабылданған жаңашылдықтың бірі-спутниктік навигацияны қолдану арқылы көлік құралын электронды кедендік сүйемелдеуді қолдану мүмкіндігін енгізу, бұл нақты уақыт режимінде көлік құралының бағыты бойынша нақты орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Осы толықтырулар шеңберінде кеден органы электрондық кедендік сүйемелдеуді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы декларантты және тасымалдаушыны хабардар етуі де көзделген. Электронды кедендік сүйемелдеуді халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тікелей жүзеге асырады, - делінген хабарламада.

Мұндай оператор елімізде анықталып қойған.

Бұдан бұрын «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілгенін атап өту қажет. Онда «халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы» ұғымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі құзыреті көзделген. Бұл ретте осы түзетулер шеңберінде аталған оператор навигациялық пломбаларды жалға беру бойынша қызметті көрсетеді. Навигациялық пломбалар көлік құралдарына ілінеді және олардыңкөмегімен көлік құралының орын ауыстыруын қадағалау жүзеге асырылады, - деді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта көлік құралдарын электронды кедендік сүйемелдеуді жүзеге асыру тәртібінің жобасы әзірленді, онда кеден органының, декларанттың, тасымалдаушының және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының өзара іс-қимылы айқындалған.