Қазақстанда ескертуді елемеген туристер жазаға тартылуы мүмкін

0
376

Таулы аймақтарда туристердің адасып қалуына байланысты арнайы бақылау-құтқару пункттері құрылып, құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі жүзеге асырылады.


Қазақстанда ескертуді елемеген туристер жазаға тартылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына қарамастан тауға шығып кеткен туристер жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз жиынында Төтенше жағдай бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты деп, жазады stan.kz.

Таулы аймақтарда туристердің адасып қалуына байланысты арнайы бақылау-құтқару пункттері құрылып, құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі жүзеге асырылады.

“Тауда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының таулы жерлерінің жекелеген учаскелерінде 15 тау саятшылық салынды. Онда туристерге күту және алғашқы көмек апаттық жинағын алуға жағдай жасалған. Саятшылықтардың жанында "SOS" спутниктік сигналды құтқару қызметінің "112" және "109" пультеріне беру үшін (қосылу сатысында) дабыл түймелері орнатылған. Биыл құтқару бөлімшелерімен таулы жерлерге саяхатқа шыққан, тауда адасқан 147 туристі іздеу бойынша 14 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді”, - деді Төтенше жағдай бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.

Оның айтуынша, таудағы туристерді іздеу көп уақытты талап етеді. Сондықтан биыл жыл соңына дейін заңға түзетулер енгізілмек.

“Біз "Туристік қызмет туралы" заңға туристердің маршруттары туралы ақпарат беру қағидасын бекіту жөнінде түзету енгізгіземіз. Алдағы уақытта ескертуді елемеген туристерді заңға тартуды жоспарлап отырмыз”, - деді Ибрагим Күлшімбаев.