​Қазақстанда ет өндіру 9,7% артқан

0
1 431

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті айтты.


​Қазақстанда ет өндіру 9,7% артқан

сурет:ru.tsn.ua

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында ет өндіру 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7% артып, 225 186 тоннаны құрады, деп жазады ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде 429 342 тонна сүт (былтырғы қаңтар-қазан айларымен салыстырғандағы өсім - 7%), 3 372 922 тонна ұн (+6%), 194 651 тонна қант (-30,2%), 68 268 тонна жарма (+21,1%) өндірілген.