Қазақстанда газдалған сусындардың бағасы көтерілмек

0
420

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник министрліктің газдалған сусынға арналған акциздерді қымбаттату мәселесін көтергенін айтады.


Қазақстанда газдалған сусындардың бағасы көтерілмек

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі балалардың семіздігімен күресу үшін тәтті газдалған сусындардың бағасын көтеруді ұсынды, деп жазады stan.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник министрліктің газдалған сусынға арналған акциздерді қымбаттату мәселесін көтергенін айтады.

"Сезімдік бойынша маңызды сұрақ. Бұл сусындарда қант концентрациясы жоғары. Бұл балалардың денсаулығына әсер етіп, қант диабеті мен семіздіктің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін", – деді ол.

Сонымен қатар вице-министр оқушылар арасында көру қабілетіндегі ауытқулар жиі кездесетінін мәлімдеді. Екінші орында орталық жүйке жүйесіндегі ауытқулар, үшінші орында бүкірею тұр екен.

Брифинг барысында Вячеслав Дудник оқушылардың 10%-ы электронды темекі немесе вейп шегетінін айтты.

"Оның үстіне 13-15 аралығында қыздар мен ұлдар арасында олардың үлесі арта түседі. Министрлік заңды жетілдіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді", – деп қосты вице-министр.