Қазақстанда импорттық қант тек ішкі нарықта пайдаланылады

0
641

Қазақстан тұтынатын қанттың 58 проценті сырттан кіргізіледі.


Қазақстанда импорттық қант тек ішкі нарықта пайдаланылады

ERNUR.KZ. Қазақстан аумағына ЕАЭО елдерінен өзге елдерден кірізілген қанттың барлығы ішкі нарықта және қанттан өндірілетін өнімдер үшін ғана пайдаланылатын болады, деп жазады sputnik.kz.

Ресейде қант экспортына уақытша тыйым салынуына байланысты Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір заңнамаларға өзгеріс енгізді. Соған орай Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен өзге мемлекеттерден әкелінген қанттың барлығы тек ішкі нарық пен өнім өндіруге ғана жұмсалатын болады.
"Ресей Федерациясында ЕАЭО елдеріне қантты экспорттауға уақытша тыйым салынуына байланысты ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету үшін үшінші елдерден әкелінетін қант ішкі нарықта ғана пайдаланылады", - делінген Ашық үкімет сайтында.

Қазіргі күні Қазақстан тұтынатын қанттың 58 проценті сырттан кіргізіледі.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның 2022 жылдың тамыз айының соңына дейін кедендік бажсыз ЕАЭО елдерінен тыс 250 мың тонна қант кіргізуге мүмкіндігі бар.