Қазақстанда індет жұқтырғандардың саны тағы артты

0
825

Қарағанды мен Атырау облыстарында коронавирус жұқтырғандар тіркелді.


Қазақстанда  індет жұқтырғандардың саны тағы артты

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам, Қарағанды облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 117 адам, Алматы қаласында – 58 адам, Қарағанды облысында - 7 Ақмола облысында - 5 адам, Атырау облысы - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 208 науқас тіркелді.

Оның ішінде жазылып шыққандар саны - 15, қайтыс болған - 1 адам.