Қазақстанда интим қызмет көрсететін ер адамдарды жазаламау ұсынылды

0
1 207

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері 30 мың теңгеге интим қызмет көрсеткен ер адамдарды ұстап, полиция бөлімшесіне апарып, айыппұл салған болатын.


Қазақстанда интим қызмет көрсететін ер адамдарды жазаламау ұсынылды

Танымал қазақстандық кәсіпкер, қоғам белсендісі және көпбалалы әке Ерлан Нұрпейісов интим қызмет көрсететін ер адамдарды жазаламауды ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

"Жезөкшелерді не үшін ұстайды? Олар заңды бұзбайды. Бізде тек жеңгетайлық қызмет көрсететіндер жазаланады. Әсіресе әйелдерге интим қызмет көрсеткен ер адамдарды ұстағандары түсініксіз. Ол тек "бір сағатқа күйеу" ғой, тура және ауыспалы мағынасында және ондай қызмет біздің қоғамға қажет, себебі ер адамдар ішімдікке салынып, нашақорға айналған. Одан бөлек, дұрыс тамақтанбай, жұмыс орнынан тұрмай жұмыс істейтіндер семіріп, ерте импотенцияға ықпал етеді. Ал бізде, әсіресе толық шенеуніктердің көп болғаны соншалық, Американы қуып жететін шығармыз! Маскүнем, есірткіге құмар ерлерінің еркелеткенін ұмытып қалған сол шенеуніктердің әйелі және бизнес-ледилер не істеуі керек? Көбінің тіпті күйеуі де жоқ, көбі ондай "тарзандарға" төзе алмайды. (...) Сондықтан аптасына бір рет болсын маманды шақырған дұрыс", - дейді кәсіпкер .


Еске салайық, кеше, 22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері 30 мың теңгеге интим қызмет көрсеткен ер адамдарды ұстап, полиция бөлімшесіне апарып, айыппұл салған болатын.