Қазақстанда ірі криптовалюта биржасына лицензия берілді

0
565

Тұрақты лицензия Қазақстандағы компанияға сәйкестік пен қауіпсіздікті бақылау құралдары бар реттелетін платформа мәртебесін беретіні атап өтілді.


Қазақстанда ірі криптовалюта биржасына лицензия берілді

ERNUR.KZ. Binance криптовалюта биржасы ХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) компанияға "Астана" Халықаралық қаржы орталығында цифрлық активтер платформасын басқару және кастодиандық қызметтер көрсету бойынша лицензия бергенін хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Тұрақты лицензия Қазақстандағы компанияға сәйкестік пен қауіпсіздікті бақылау құралдары бар реттелетін платформа мәртебесін беретіні атап өтілді.

"Биржа айырбастау және конвертация, фиат валюталарын енгізу және шығару, криптовалюта активтерін сақтау және биржа сауда қызметтерін ұсына алады. Сайтта кез келген елден келген жеке және заңды тұлғалар үшін тіркеу қолжетімді болады. Биржаның қызметтері мен қызмет ауқымы үнемі кеңейіп отырады", - делінген хабарламада.