Қазақстанда қанша адамның азаматтығы жоқ екені белгілі болды

0
738

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бейбіт Мамыраев азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтарға тоқталды.


Қазақстанда қанша адамның азаматтығы жоқ екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жеті мыңнан аса адамның азаматтығы жоқ. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бейбіт Мамыраев азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтарға тоқталды. Мәжілісменнің айтуынша, 2016-2018 жылдары азаматтығы жоқ адамдар саны 1,2 есеге өскен. Ал азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтар саны 4,5 есеге ұлғайған. Депутат ішкі министрлігінен мұның себебін сұрады.
Қожаев 2016 жылдан бері көші-қон заңнамасын бұзған адамдар саны азайып келе жатқанын алға тартты. Алайда, статистика бойынша азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтар аздап өскен.
"Қазір елімізде азаматтығы жоқ 7 мыңнан астам адам бар. Олар жасайтын заң бұзушылықтар, негізінен, Қазақстанда тіркеусіз тұруы, куәлік күшінің жойылуы немесе жоғалтуы, тағысын тағы. Мұның барлығы рейдтік және тексеріс шаралары кезінде анықталып отыр", - деді министрдің бірінші орынбасары.
Қожаев министрлік бұл заң бұзушылықтарды есепке алып, азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын сақтауын қадағалап отырғанын атап өтті.