Қазақстанда қант бағасы қымбаттауы мүмкін

0
1 110

​Қазақстандық қант өндірушілер отандық нарықты 41 процентке қамтып отыр.


Қазақстанда қант бағасы қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде қант шығаратын 7 зауыт бар. Бірақ оның үшеуі ғана жұмыс істеп тұр. Қалған төртеуі қайта жаңғыртуды қажет етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр 225 жарым мың тонна шекер шығарылған. Оның 99,8 проценті Жамбыл облысының үлесінде. Десе де, мамандар отандық өндірушілердің мүмкіндігі анағұрлым жоғары дейді. Елдегі тәтті өнімнің 28 проценті ғана қант қызылшасынан алынған. Себебі шикізат тапшы. Елімізде қант қызылшасын өсіруге арналған жер телімі мен су жоқ. Қазақстандық өнімді шетелдіктер тұтынбайды, бірақ Ресейдің арзан шекері елдегі дүкен сөрелерінде самсап тұр. Отандық өндірушілер мемлекет қолдауына зәру. Қант қызылшасын өңдеушілер салықтық жеңілдіктен үмітті. Сондай-ақ шикізатты жинап, тасымалдау бойынша қызмет көрсететін орталықтар қажет.

Отандық қант өндіруші кәсіпорындар тәулігіне 9 мың тонна қызылша өңдеуге қауқарлы. Былтыр ғана қордағы дақылдардан 7 млн тонна қант өндірілген. Бұл айтарлықтай нәтиже. Орташа баға 170 теңге шамасында. Қазір Ақтау, Қарағанды, Атырау, Орал, Көкшетау қалаларында құмшекер осы бағада сатылады. Ендеше нарықтағы қант бағасын саралап көрейік.

Қостанайдағы қант құны 153 теңге тұрады. Ал Солтүстік Қазақстанда шекерді 159 теңгеге сатып аласыз. Еліміздің шығысында шекер 200-210 теңге аралығында. Қант өндірісі өрістеп тұрған Талдықорғанда жергілікті өнім 169 теңгеге бағаланған. Алматыда қант 250 теңге. Еліміздің оңтүстігіне келсем. Тараз бен Түркістан дүкендерінде қант 210-220 теңгеден сатылады. Ең арзан қант Ақтөбе дүкендерінде сатылып жатыр. Мұндағы баға 150 теңге. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматыда құмшекер құны 280 теңгеге дейін барады.

Қытай банктері несиені қарыз алушының әлеуметтік желідегі сандық дерегі бойынша береді. Кейбір қаржылық ұйымдар жаңашылдық нәтижесін байқаған сыңайлы. Шағын және орта бизнестің тәуекелдігін бағалауға арналған бастама онлайн режимде жүзеге асады. Яғни қолданушының сандық іздері бірқатар ақпаратқа көз жеткізуге мүмкіндік береді екен. Сандық платформа құрылғанда маржиналды шығындар жойылады. Және несиеге өтініштер лезде қаралады. Бар-жоғы үш минутта онлайн-өтініш толтырылып, қабылданғаннан кейін ақша қарыз алушының Алипейдегі есепшотына түседі. Жаңашылдыққа көшкен үш ірі банк жыл сайын 10 млн несие береді. Ал кешіктірілген қарыз үлесі 1 процент деңгейінде. Жалпы қазір аспан асты елінде 40 млн шағын және орта кәсіпорындар бар. Экономика бәсең, бірақ қаржыландыру тетігін тапса, қарқын үдері хақ. Ел Үкіметі тек отырмай, тиісті амалдарды қолға алып келеді. Мысалы, 2005 жылдан бері мұнда 8 мың шағын қаржылық ұйымдар ашылған. Банктерге талап күшейтілді. Десе де, қомақты қаржы алып үлгергендері 20 процент ғана. Мамандардың айтуынша, елдегі шағын және орта бизнестің дені ары кетсе 5 жыл жұмыс істейді. Сондықтан банктер тәуекелге бел буғысы келмейді.