Қазақстанда карантин ережелерін қатаң сақтайтын қалалар аталды

0
797

Тізімде көш бастап тұрған қала - Қарағанды.


Қазақстанда карантин ережелерін қатаң сақтайтын қалалар аталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда карантин ережелерін қатаң сақтайтын қалалар аталды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы "Яндекс" сервисінде көрсетілген.

Жобаның парақшасынан кез келген уақытта әлемнің ірі қалаларына қатысты мәліметтерді көруге болады. Индекс белгісі жоғарылаған сайын ол елді мекен оқшаулану ережесін қатаң сақтайтынын білдіреді. Индекс белгісі 0 болса - көшеде халық көп жүр деген сөз, ал 5 болса, көшеде ешкім жоқ деген сөз.

Бұл жолы Нұр-Сұлтанның индексі 2,9 болды. Алғашқы үштікке де кіре алмады. Көкшетауда да дәл осы көрсеткіш. Мұнда қоғамдық көлік мүлде жүрмейтінін айтып өту керек. Өскеменнің де индексі 2,9 болып тұр.

Ал Шымкент тұрғындарының карантин ережелерін қатаң сақтайтыны белгілі болды. Алматылықтардың индексі 3,5 екен. Тізімде көш бастап тұрған қала - Қарағанды. Мұнда оқшаулану индексі - 3,6.