Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы қалай тағайындалады

0
1 320

Президенттің кезектен тыс сайлауы республика президентінің шешімімен тағайындалады


Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы қалай тағайындалады

ERNUR.KZ. Қазақстанда Конституциялық заңға сәйкес, кезекті және кезектен тыс президент сайлауы өткізіледі, деп жазады sputniknews.kz.

Кезекті және кезектен тыс сайлаудың айырмашылығы

Президенттiң кезектi сайлауы бес жылда бiр рет тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi. Ол мерзiмi жағынан парламенттiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуі тиiс.

Ал кезектен тыс сайлау республика президентінің шешімімен тағайындалады және тағайындалған күнінен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

Кезектен тыс сайлаудан кейінгі президенттің кезекті сайлауы бес жыл өткен соң жарияланады.

Бір адам неше рет сайлана алады

Конституцияға сәйкес, бiр адам қатарынан екi реттен артық президент болып сайлана алмайды.

Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолданылмайды.