Қазақстанда халық санағыны онлайн түрде өткізілетін болды

0
2 399

Сондай-ақ, отырыста санақ логотипі бекітілді.


Қазақстанда халық санағыны онлайн түрде өткізілетін болды

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар халық санағына онлайн қатыса алады. Бұл туралы Қазақстан халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссия отырысында мәлім болды, деп жазады Stan.kz.

Қазақстан халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссияның бірінші отырысында 2021 жылғы санақтың ерекшелігі болатын жаңалықтар туралы айтылды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен арнайы комиссия науқанды дайындау мен өткізудің негізгі ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерімен айналысады.

Халықтың саны, оның жасы, гендерлік құрамы, урбанизация дәрежесі, табыс деңгейі туралы жинақталған мәліметтер тексерілген, пысықталған басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз болады.

Жиында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап онлайн санақ жүргізу туралы шешім қабылданды. Ол 2021 жылдың 15 қазанына дейін мамандандырылған sanaq.gov.kz веб-сайтында жалғасады. Сайт тәулік бойы ашық болады. Азаматтар, қай жерде жүрсе де, өзі және отбасы үшін сауалнама беттерін толтырып, санаққа өз бетінше қатыса алады.

Комиссияда онлайн санақ жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздік сақталады деп сендіреді. ҚР ҰҚК көмегімен хакерлік шабуылдардың алдын алу үшін санақ бойынша ақпараттық ресурстардың тәулік бойы мониторингі қамтамасыз етіледі.

Смайылов сонымен қатар sanaq.gov.kz веб-сайтын Egov.kz веб-порталымен интеграциялау қажеттілігін атап өтті.

Дәстүрлі үй-үйді аралау, онлайн-санақтан өтпеген азаматтарды қамту мақсатында 2021 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың 30 қазанына дейін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Санақ жүргізушілер планшеттерді қолданады, бұл деректер сапасына адами фактордың әсерін барынша азайтады, ЖСН қолданып нақтылық деңгейін жоғарылатады және ақпараттың қайталануын болдырмайды. Планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді, оның көмегімен сұхбат беруші барлық кіріктірілген арифметикалық және логикалық басқаруларды ескере отырып сауалнама жүргізе алады, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдана алады. Алынған деректер тікелей ортақ дерекқорға жіберіледі.

Санақтың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, жою және қайта құру туралы ұсыныстар бойынша және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау бойынша 2021 жылғы 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізудің орындылығы туралы мәселе қаралды.

Сондай-ақ, отырыста санақ логотипі бекітілді.