Қазақстанда кинотеатр билеттері қымбаттады

0
1 333

Еліміздегі ең қымбат билеттер Атырауда сатылуда


Қазақстанда кинотеатр билеттері қымбаттады

ERNUR.KZ. Елімізде кинотеатр билеттері қымбаттады, деп жазады 24.kz.

Телеарнаның хабарлауынша еліміздегі орташа билет бағасы 1224 теңге. Еліміздегі ең қымбат билеттер Атырауда сатылуда екен. Ranking.kz деректеріне сүйенсек, мұндағы билеттердің орташа құны 1749 теңгені құрайды.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Астана мен Көкшетауда да билет құны қымбат. Дегенмен, Астанада баға сәл төмендеген. Ал Қарағанды мен Оралда киноны шамамен 970 теңгеге тамашалауға болады.

Жалпы жыл басынан бері мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер 5,2 пайызға қымбат бағаланған. Мамандар мұндай көрініс соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналғанын айтады.