Қазақстанда көкөніс бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

0
548

Биыл жазда сәбіз бен картоп бағасы 50 пайызға күрт қымбаттаған болатын.


Қазақстанда көкөніс бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылы көкөністің қай түрлері қымбаттауы мүмкін екенін жәнен оның себебін мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтановтың айтуынша, 2022 жылдың көктемінде жаңа піскен көкөніс бағасы қымбаттауы мүмкін.

Бұл ретте биыл картоп қолжетімді бағада қалады, деп есептейді ол.

«Биыл картоп килограмы 200 теңгеден сатылды. Қазіргі шығындарды және бағаның аздап өсуін ескерсек көктемде құны 200-250 теңге шегінде болады деп күтеміз. Сәбіз 30-40 теңгеге қымбаттауы мүмкін», - деді ол.

Азат Сұлтанов Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдай бастағанын атап өтті. Сонымен, қазақстандық картоп өсірушілерге мамыр айына дейін келісімшарт жасау, яғни бағаны белгілеу ұсынылады.

«Ол үшін әкімдіктер бұл өнімдерді тұрақтандыру қорына арнап сатып алуы қажет. Оларда тауар өндірушілердің тізімі бар. Жалпылай алғанда министрлік қажет жағдайдың бәрін жасап отыр», - деді А.Сұлтанов.

Қазақстанда картоптың негізгі өнімі Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиналады.

Айта кетейік, биыл жазда сәбіз бен картоп бағасы 50 пайызға күрт қымбаттаған болатын.