Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы көтеріледі

0
821

Стипендияны ұлғайту бойынша бюджет қаражатын республикалық бюджет комиссиясы қолдады.


Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы көтеріледі

ERNUR.KZ. 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің шәкіртақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп жазады stan.kz.

Жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын колледж студенттерінің шәкіртақысы 21 787-ден 32 681 теңгеге өседі.

Орта буын мамандарын даярлайтын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер шәкіртақысы 20 948-ден 31 422-ге өседі.

Стипендияны ұлғайту бойынша бюджет қаражатын республикалық бюджет комиссиясы қолдады.