Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ – министр

0
429

​Министр жылу беру маусымына дайындық басталғалы бері теміржолмен 22,1 миллион тонна көмір тасымалданғанын атап өтті. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ке артық.


Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ – министр

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов республикада көмір тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Министрдің мәліметінше, 28 қыркүйектегі жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық сектор көмір қорымен 76%-ке, тұрғындар 65%-ке қамтамасыз етілді.

"Барлық аймақта көмір қоры дайындалған және тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр", – деп сендірді Атамқұлов үкімет отырысында.

Айтуынша, 2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халық үшін көмірге қажеттілік шамамен 10 миллион тоннаны құрады. Оның ішінде 2,8 миллион тоннасы коммуналдық-тұрмыстық секторға, ал 7,2 миллион тоннасы тұрғындарға тиесілі.

Министр жылу беру маусымына дайындық басталғалы бері осы жылдың 1 мамырынан бүгінге дейін теміржолмен 22,1 миллион тонна көмір тасымалданғанын атап өтті. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ке артық.

Көмір өндіруші компаниялар сегіз айдың ішінде 69 миллион тонна көмір өндірді. Ал көмір экспорты 18,5 миллион тоннаны құрады.