Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

0
781

Қазіргі кезде 641 адамның жағдайы ауыр және 159 пациенттің жағдайы өте ауыр.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

Тағы 37 қазақстандық бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 36 757 адам короновирус инфекциясынан (36 292 КВИ+ және 465 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 12 933 пациент стационарда, 23 824 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Кейінгі тәулікте 31 адам қайтыс болды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 641 адамның жағдайы ауыр;
• 159 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 107 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 15 сәуірдегі мәлімет бойынша 68 жаңа жағдай тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 72 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 51 763, өлім жағдайлары - 748, барлығы 50 550 адам сауығып шықты.