Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 26 адам қайтыс болды

0
453

Қазіргі таңда он алты мыңға жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр, олардың арасында 71 бала бар.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 26 адам қайтыс болды

Бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 26 адам қайтыс болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Cондай-ақ, бір тәулікте 1081 адамнан пневмония анықталғаны белгілі болды.

1 тамыздан бастап елімізде пневмония анықталған 19 754 адам тіркеліп, 231 науқас қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазіргі уақытта 15 839 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 71 бала бар.

Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда ем алуда. 366 науқастың хәлі нашар, соның ішінде 90 адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 59 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.