Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам қайтыс болды

0
849

Қазіргі уақытта еліміздің стационарларында 12 мыңнан астам науқас емделуде, олардың 600-ге жуығы ауыр халде.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте 28 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 178 адам короновирус инфекциясынан (34 703 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 24 адам қайтыс болды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 586 адамның жағдайы ауыр;
• 175 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 112 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
11 сәуірдегі мәлімет бойынша 10 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 101 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 51 409, өлім жағдайлары - 731, барлығы 50 203 адам сауығып шықты.