Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 46 адам ауруханада жатыр

0
618

Оқшауланған бокстарда жатқан 89 адамның 43-ы шығарылған.


Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 46 адам ауруханада жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 46 адам ауруханада жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Мұнда мәселе 6 қаңтардан бастап Қытайдан келген адамдар туралы ғана, дене қызуы бар барлығы туралы емес. Сондай-ақ, оқшауланған бокстарда 89 адам жатыр, олардың қызуы бар және ЖРВИ-ға шағымданған, стационарларда 46 адам қалып отыр, 43 адам шығарылды. Біз барлығынан сынама алып, Алматыдағы орталыққа жібереміз", - деді Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.

30 қаңтарда 38 адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. 31 қаңтарда бұл көрсеткіш 41-ге жеткен.

Коронавирустың тарауына байланысты Қазақстан шекарадағы және әуежайдағы бақылауды күшейткен. 6 қаңтардан бастап Қазақстанда санитырлық бақылау тек Қытайдан келген азаматтар үшін қатаңдалса, 31 қаңтардан бастап Денсаулық сақтау министрлігі барлық шекарадағы бақылауды күшейткен. Термометрия, жолаушыларға хабарлама жіберу, қызуы көтерілген науқастарды тексеру барлық халықаралық бағыттағы мемлекеттік шекара бақылауынан өтеді.

1-2 ақпанда Қазақстан коронавирусты анықтауға арналған препараттар алды.