Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 9-ға жетті

0
1 103

Вирус 2008 жылы туған қыз баладан табылды.


Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 9-ға жетті

ERNUR.KZ. Коронавирус жұқтырғандар саны 9 адам болды. Бұл туралы бүгін ҚР Денаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9-ға жетті. Вирус Алматы қаласына Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қыз баладан табылды. Қазір Алматыда вирус жұқтырғандар саны - 7, ал – елордада – 2. Барлығы 9 адам», - деді Диас Ахметшәріп.

Еске сала кетсек бүгін сағат 13.00-де «Хабар 24» арнасында онлайн режімде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.