Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір ауыр науқасты емдеу үшін 1,7 миллион теңге жұмсалады

0
657

Ең аз дегенде бір науқасқа 300 мың теңге қажет.


Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір ауыр науқасты емдеу үшін 1,7 миллион теңге жұмсалады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов коронавирусты жұқтырған бір адамның емі қанша тұратынын айтты, деп жазады Stan.kz.

"Медициналық ұйымдарға диагноз қоюға, коронавирустық инфекцияны емдеуге және оның асқынуларына байланысты барлық шығындарды өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттің жағдайының ауырлығын ескере отырып тарифтерді әзірледі", - деді Төкежанов ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, бір науқасқа жеңіл дәрежедегі коронавирусты емдеу 292,6 мың теңге, орташа - 446,1 мың теңге, ауыр науқасқа - 1,5 миллион теңге. Қор өте ауыр дәрежелі емделу үшін бір науқасқа 1,7 миллион теңге төлейді.

"Жедел медициналық көмек тарифінің құрылымында ЖҚҚ құны орта есеппен 40 пайызға өсті. Науқастар үшін стационардағы және амбулаториялық деңгейде емдеу-диагностика коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарға ақысыз негізде ұсынылады", - деп толықтырды қор жетекшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін медициналық сақтандыу қорының басшысы үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға дәрі-дәрмекті тегін тарату жайлы айтқан болатын.