Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 251-ге жетті

0
864

Індет жұқтырған тағы 22 адам тіркелді.


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 251-ге жетті

Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 11:30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, Алматы қаласында - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 251 науқас тіркелді" - делінген ақпаратта.