Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 адамға жетті

0
777


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 адамға жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің парақшасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 32 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 62 науқас тіркелді.