Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрілер пайда болды

0
1 648

Коронавирусқа қарсы ресейлік дәрі Алматы дәріханаларында пайда болды.


Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрілер пайда болды

ERNUR.KZ. Ресейден шығатын коронавирусқа қарсы дәрі Қазақстанға жетті. Препаратты қазірдің өзінде Алматыдан табуға болады. Бірақ арзан емес - орамы үшін 110 мың теңге сұрайды. Алайда, сарапшылар "Арепливирдің" бағасының негізсіз асыра көрсетілгенін және оның тиімділігі ерекше дәлелденбегенін айтады. Дәрі-дәрмектің қауіпсіздігі туралы сұрақтар да өзекті. Сарапшылардың пікірінше, таблеткаларды тек ауруханада қолдануға болады, деп жазады Stan.kz.

Коронавирусқа қарсы ресейлік дәрі Алматы дәріханаларында пайда болды. Бірақ, тек бір ғана қаптама.

"Бұл COVID-19-ға дәрі. Оған әлі сұраныс жоқ, бірақ болады деп үміттенеміз. Біз тек рецепт бойынша береміз. "Арепливирмен" емделуге әркімнің мүмкіндігі жете бермейді. Құны жоғары - 40 таблетка үшін 110 мың теңге. Сарапшылар коронавирусты осындай бір қаптамамен емдеу мүмкін емес дейді. Толық курс үшін 80 таблетка қажет. Бірақ ақша басты мәселе емес, сарапшылар оның тиімділігі мен қауіпсіздігіне алаңдайды. Өндіруші бұл препараттың жоғары сұранысынан басқа факторды атамайды. "Арепливир" - бұл басқа елдерде әлдеқайда арзан сатылатын жапондық "Фавипиравир" препаратының аналогы екенін еске салғым келеді", - дейді медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Еделев.

"Арепливир". Атауы жаңа, ал компоненті бұрынғы - фавипиравир. Оны жапон ғалымдары 18 жыл бұрын тұмауды емдеу үшін жасаған. "Фавипиравир" де қазақстандық дәріханаларда сатылады. Және ол екі есе арзан.

"Денсаулық сақтау министрлігі берген "Арепливирге" рұқсат беру құжаттамасында: "тек стационар жағдайында қолдану үшін" деп нақты жазылған - ауруханадан тыс жерлерде қолдануға болмайды", - дейді медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Еделев.

Сонымен қатар, емдеу тек науқастың жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз, бірде-бір дәрігердің амбулаториялық қолдану үшін "Арепливир" тағайындауға құқығы жоқ. Тиісінше, дәріханаларда бұл препарат болмауы керек.

"Фавипиравир" халықаралық патенттелмеген атауы бар "Арепливир" дәрілік заты, "Арепливир" сауда атауы қазіргі уақытта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген. "Арепливир" Қазақстанға бір реттік рұқсат беру аясында әкелінді", - деді ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбеков.

Қазақстанға ресейлік препараттың қанша қаптамасы әкелінгені белгісіз. Бірақ көрші елде бұл дәрі бөлшек саудада белсенді түрде сатылады.