Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар көбейді

0
453

Алматыда 1978 жылы туған ер адам және 23 жастағы қыз қауіпті індеттен жазылып шықты.


Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар көбейді

Алматыда КВИ-дан екі адам жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл 1978 жылы туған ер адам және 23 жастағы қыз.

Ер адам 23 наурызда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келді, ал қыз 17 наурызда Цюрих-Ыстанбұл-Алматы рейсімен келген.

Екеуінің де ауру деңгейі жеңіл болды. Қазір олар 14 күндік үй карантинінде.

Мегаполисте 28 адам емделіп жатыр.

Қазақстанда қазіргі уақытта қауіпті індеттен 63 адам емделіп шықты. Жұқтырғандар саны - 802, қайтыс болғандар - 9 адам.