Қазақстанда коронавирустан тағы бір науқас көз жұмды

0
582

Індеттен 1952 жылғы әйел көз жұмды.


Қазақстанда коронавирустан тағы бір науқас көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында коронавирустан қайтқан бір адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Індеттен 1952 жылғы әйел көз жұмды.

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия бұл дерек себебін коронавирус жұқпасынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, «Ақжайық» провизорлық стационарында жатқан Орал қаласының тұрғыны 27 мамыр күні ауыр жағдайда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Емделуші екіжақты пневмониямен ауырған. Сондай-ақ орта дәрежедегі қант диабеті диагнозы қойылған. Реаниматолог қарап, тиісті ем алған. 30 мамыр күні науқастың жағдайы нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлердің барлық шараларды қабылдағанына қарамастан, емделушінің 3 маусым күні жүрегі тоқтады.

Осылайша Қазақстанда коронавирустан қайтқандар саны 53- ке жетсе, Батыс Қазақстан облысы бойынша екінші адам.