Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс жоғары

0
833

Қазақстанда құрастырылып сатылған көліктердің үлесі бір жыл ішінде 55,6% -ға дейін өскен.


Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс жоғары

ERNUR.KZ. Соңғы бес айда елімізде 25 мыңға жуық жаңа автокөлік сатып алынды, деп жазады ktk.kz.

Олардың басым бөлігі Қазақстанда құрастырылған. «ҚазАвтоПром» компаниясының мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-мамыр аралығында елімізде 24,7 мың жаңа жеңіл автокөлік сатылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға жоғары. Қазақстанда құрастырылып сатылған көліктердің үлесі бір жыл ішінде 47,1% -дан 55,6% -ға дейін өсті. Ал импорттық автокөліктерді сату үлесі керісінше 52,9% -дан 44,4% -ға дейін төмендеді.2019 жылдың бес айында сатылған көліктер арасында «LADA» көш бастап тұр. Екінші орында «Тоyotа», үшінші орында «Hyundai» автокөліктері. «АзияАвто» және «СарыарқаАвтоПром» құрастырып шығарған автокөліктер арасында «LADA» бренд саналады. Бес айдың ішінде 5,9 мың көлік сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,6% -ға көп. «Hyundai» 4,6 мың. «KIA» маркасы үштікке ілінді 1,6 мың көлік сатылды.