Қазақстанда квартирант ұстауға тыйым салу ұсынылды

0
1 427

Пәтер баспана мақсатында пайдаланылуы тиіс.


Қазақстанда квартирант ұстауға тыйым салу ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар пәтерлерін тәулікке, сағатқа және айлап-жылдап жалға беретіндермен көрші тұратын пәтер иелерінің мәселесін тағы көтерді, деп жазады Zakon.kz.

Мажіліс депутаты Владислав Косарев көппәтерлі үйлерде бөтен адамдардың уақытша тұруы үшін пайдаланылатын пәтер-бөлмелер жайында сұрақ қойды.

"Олар көбіне хостел, қонақ бөлмелері, тағы басқаша аталып, тәулікке жалға беріледі. Біз бұл мәселені заң жобасы арқылы реттемек болдық, бірақ істі соңына дейін жеткізбедік. Мен тәуліктік жалға берілетін пәтерлерге заң жүзінде тыйым салуды ұсынамын. Жалпы, пәтер баспана мақсатында пайдаланылуы тиіс. Әйтпесе пәтерлерді бүгін бар, ертең жоқ, бастысы, аморальды жүріс-тұрыстың адамдары пайдаланатын болды," – деп атап өтті ол.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр өз кезегінде мұндай пәтерлердің жеке кіріп-шығатын есігі болуы тиіс екені заңда бекітілгенін айтты.

"Кез-келген тұрғын емес бөлме-жай, хостел болсын, қонақ үй, стоматология, дәріхана болсын – сол ғимараттан бөлек есігі болуы тиіс. Ал енді пәтерді жалға беруге келсек, пәтерлерді тұрғын емес санатына ауыстыру мүмкін емес, мұның керегі де жоқ. Өз баспанасын жалға беру – кез-келген азамататтың құқығы, көпшілік үшін бұл тіпті бизнес болып отыр. Ал ол пәтерлерді пайдалану ережелері, қоғамдық тәртіптің сақталуы – баршаға міндетті. Тәулікке жалға бере ме, бір айға бере ме, бәрібір – тәртіп сақталуы керек. Егер ондай пәтерлерде жөнсіздіктер орын алып жатса, тұрғындар өздері хабар беріп, жергілікті атқарушы органдар іске араласуы керек," – деді министр.

Оның сөзінше, бұл мәселе қаралған кезде азаматтардың құқығын шектемеу туралы шешілген.

"Ресейде бұл мәселенің қалай шешілгенін айтпайын. Бірақ біз осындай бизнеспен айналысатын азаматтардың құқығын шектемейік деп шештік. Олар салық комитетінде тіркеліп, патент алып, тиісті салықтарын төлеп, өз пәтеріндегі тәртіпті қадағаласа болды," – деді министр.