Қазақстанда Қытайдан келетін дискілер қымбаттайды

0
995

Баж салығын көтеру қытайлық өндірушілер тарапынан болатын жосықсыз бәсекенің жолын жауып, отандық өндірушілерге қолдау көрсетеді.


Қазақстанда Қытайдан келетін дискілер қымбаттайды

ERNUR.KZ. Бұл дискілерге ЕЭК Алқасы бес жылға демпингке қарсы баж салығын салды, деп жазады Zakon.kz.

Ендігәрі Қытайдан алюминийден жасалған құйма дискілерді әкелу үшін ЕЭО қазынасына олардың кедендік құнының 33.69 %-ын құю керек болады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында хабарланғандай, баж салығын көтеру жөніндегі шешім 2018 жылы ресейлік "Литейно-механический завод "СКАД" және "КиК" мекемелерінің шағымынан соң басталған демпингке қарсы тексеру жұмыстарының нәтижесінде қабылданған екен.

Ол кезде қытайлық өндірушілердің демпингтік импорт арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасына шығын келтіргені анықталған болатын, себебі соңғы бірнеше жылда ЕЭО нарығында алюминийден жасалған дискілерді өткізу, өндіру мен сатудан түсетін табыс тым төмен деңгейде болып келген.

Экономистердің айтуынша, баж салығын көтеру қытайлық өндірушілер тарапынан болатын жосықсыз бәсекенің жолын жауып, отандық өндірушілерге қолдау көрсетеді.

Осы орайда қазіргі таңда өзге елдерден жеткізілетін алюминийден жасалған дискілерге кедендік құнының 5 %-ын құрайтын баж салығы салынатынын айта кеткен жөн.