Қазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болған

0
601

Пневмония жағдайларының өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мұның себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп жатыр.


Қазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болған

ERNUR.KZ. Пневмония ауруларының саны 2020 жылдың маусымында өткен жылмен салыстырғанда төрт есе өсті. Бұл туралы онлайн-брифингте еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, - деп жазады тengrinews.kz.

"2019 жылдың жарты жылдығы мен 2020 жылдың қорытындысы бойынша пневмониядан болатын өлім-жітімді қарайтын болсақ, 2019 жылдың алты айында 1780 жағдай болса, 2020 жылдың алты айында - 1772. Ағымдағы жылдың маусым айында пневмониядан болатын өлім-жітім 628-ге жетті. Егер пневмония аурушаңдығы туралы айтатын болсақ, биыл өткен жылдың алты айымен салыстырғанда 55 пайызға өсті, маусым айында өсім төрт есеге өсті", - деді ол.

Оның айтуынша, пневмония жағдайларының өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мұның себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп жатыр.