​Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу тәртібі өзгермек

0
1 590

Айтуынша, "А"корпусына іріктеу тәртібі қайта қаралады.


​Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу тәртібі өзгермек

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу тәртібіне енгізілетін өзгерістер туралы айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Айтуынша, "А"корпусына іріктеу тәртібі қайта қаралады.

"Резервті жоюмен "А" корпусының позицияларына тікелей конкурстық іріктеу жүргізу ұсынылады. "Б" корпусын үш кезеңдік конкурстан екі кезеңдік байқауға ауыстыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік органда ішкі конкурс өткізіледі, кейін ол барлық мемлекеттік қызмет арасында жарияланып, тек содан кейін ғана барып басқа қатысушыларға мүмкіндік ашылады", - деді Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында.

Ол алғашқы екі кезеңді біріктіру ұсынылып отырғанын атап өтті. Бұл конкурстық іріктеуді жүзеге асыру мерзімін қазіргі 50 күннен 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік бермек.

"Білікті, талантты мамандарды Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия арқылы конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігін қарастырған жөн. Бұл тұста, ең алдымен, Fortune 500 тізіміндегі компанияларда жұмыс істеген және әлемнің үздік университеттерінде PhD дәрежесін алған мамандар туралы сөз болып отыр. Стратегиялық HR-жоспарлауды енгізу де маңызды бағыт саналады. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл кадрлардың саны мен сапасының дұрыс қатынасы", - деді Шпекбаев.