Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

0
663

"Жолаушылар тасымалы" АҚ екі бағыт бойынша қосымша электр пойыздарын іске қосады.


Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

ERNUR.KZ. Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ екі бағыт бойынша қосымша электр пойыздарын іске қосады:

- № 6803/6804 "Нұр-Сұлтан-Атбасар" бағыты бойынша 2019 жылдың 17 және 31 желтоқсан және 2020 жылдың 7 қаңтар күндері;

- № 7502/7501 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсан және 2020 жылдың 4 қаңтар күндері;

- № 7510/7509 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың 13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсан және 2020 жылдың 3,4,7 қаңтар күндері.

Сондай-ақ, "Алматы-Новосібір" бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік сапарға шығады. Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтар күні.

Еске салайық, осыған дейін мереке күндері ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша ("Алматы-2-Шымкент", "Алматы-2-Түркістан","Маңғыстау-Бейнеу", "Нұр-Сұлтан-Шу") қосымша пойыздарды іске қосқаны хабарланған болатын.