Қазақстанда металл сынығы мен қалдықтары экспортына тыйым салынды

0
541

Бұйрық 2021 жылы 19 қазанда күшіне енеді.


Қазақстанда металл сынығы мен қалдықтары экспортына тыйым салынды

ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2021 жылдың 7 қазанында "Қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын тасымалдау мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп жазады zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын, сондай-ақ пайдаланылған қорғасын-қышқылды аккумуляторларды, батареяларды, сонымен қатар құбырлар, рельстер, қолданыста болған теміржол мен жылжымалы құрам элементтерін автокөлікпен тасымалдауға алты ай мерзімге экспорттауға тыйым салынды", - делінген құжатта.

Бірақ бұл шектеулерге кірмейді:

  • Қоспалы болат қалдықтары мен сынықтары, оның ішінде коррозияға төзімді болат және басқалары;
  • жөндеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және кері экспортталатын, сондай-ақ жөндеу үшін Қазақстан аумағынан шығарылған және кері әкелінетін жылжымалы құрамның пайдаланылған элементтері.
Бұйрық 2021 жылы 19 қазанда күшіне енеді.