Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлерге айыппұл салу ұсынылды

0
6 546

Педагог, медициналық және әлеуметтік жұмыскерлерге салынатын айыппұл санкциясы түріндегі жаңа шара туралы айтылды.


Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлерге айыппұл салу ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова балаларға жасалған зорлық-зомбылық әрекеті туралы құқық қорғау органдарына жеткізбеген педагог, медициналық және әлеуметтік жұмыскерлерге салынатын айыппұл санкциясы түріндегі жаңа шара туралы мәлімдеді, деп жазады Sputnik.kz.

«Егер дәрігер баланың денесінен ұрып-соғу іздерін көрсе, бұл туралы үндемей қалмай, құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс. Егер мектептегі мұғалім баланың соққыға жығылғанын, басылып қалғанын көрсе, ол да шара қабылдау керек», - дейді Бычкова.

Сенат тиісті заң жобасын мақұлдаған жағдайда балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты айыппұл санкциясы күшіне енеді.

Дереккөз: Stan.kz