​Қазақстанда өткен тәулікте қауіпті індет пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды

0
512

Жалпы, науқастардың арасында 404 адамның ахуалы нашар.


​Қазақстанда өткен тәулікте қауіпті індет пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 34 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, коронавирустан 21, ал пневмониядан 13 адам көз жұмған. Тест нәтижесі коронавирустық инфекция көрсеткендер саны - 439, пневмонияға шалдыққандар саны - 828.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 194 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 109 бала бар. Стационарларда 3 457 науқас жатыр. 16 737 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Жалпы, науқастардың арасында 404 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 79 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Республика бойынша өткен тәулікте 2083 адам коронавирус індетінен емделіп шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 30
  • Алматы қаласы - 659
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 156
  • Ақтөбе облысы - 12
  • Атырау облысы - 902
  • Шығыс Қазақстан облысы - 85
  • Жамбыл облысы - 139
  • Батыс Қазақстан облысы - 9
  • Қарағанды облысы - 11
  • Қостанай облысы - 16
  • Қызылорда облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 10
  • Павлодар облысы - 26
  • Түркістан облысы - 21

Қазақстан бойынша дерттен жазылғандар саны 80 716 адамға жетті.