Қазақстанда парацетамол мен ибупрофен тегін берілуі мүмкін

0
850

Тегін дәрілер медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен өтелетін болады.


Қазақстанда парацетамол мен ибупрофен тегін берілуі мүмкін
ERNUR.KZ. Қазақстанда ибупрофен мен парацетамолды коронавирусты үй жағдайында емдеуге қосып, тегін тарату жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният айтты, деп жазады Tengrinews.kz.


"Амбулаторлық-препараттарға қызу түсіретін, парацетамол, ибупрофен мен антикоагулянттар - ривароксабан, апиксабан мен дабигатранды қосу жоспарланған", - дейді вице-министр.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл препараттар науқастар үшін тегін берілетінін хабарлады.

"Олар Медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен өтелетін болады. Адамдар емханаға жүгінген кезде және тиіс диагноз қойылған кезде берілетін болады", - деп түсіндірді ол.

Еске салаық, Қазақстанда коронавирусты үй жағдайында емдеуге арналған тағы 5 дәрі қосылған болатын.