Қазақстанда Pfizer қашан пайда болады – министрлік мерзімді атады

0
302

​Денсаулық министрлігі келісімнің негізгі талаптарын оңтайландыру бойынша Pfizer компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр.


Қазақстанда Pfizer қашан пайда болады – министрлік мерзімді атады

ERNUR.KZ. "Pfizer" компаниясымен вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство ақпаратына сәйкес, "Pfizer" компаниясымен 2021 жылдың төртінші тоқсанында вакцина жеткізу бойынша келісім жасалды.

"2021 жылдың наурызынан бастап "Pfizer" компаниясы өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөз басталды. Министрлік пен "Pfizer" компаниясының арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды", - деп атап өтті ведомствода.

Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша "Pfizer" компаниясымен тұрақты негізде келіссөз жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның ішінде үкімет деңгейінде кеңес өткізілді.

Сонымен қатар, "Pfizer" компаниясы вакцинаны жеткізу туралы келісім жасау үшін Қазақстан президентінің жарлығы қабылдануы тиіс екенін хабарлады.

Президент тапсырмасы

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Pfizer вакцинасын жеткізуді тапсырған болатын. Ол өткен жылы тиісті тапсырма бергенін атап өтті. Алайда Қазақстанға бөлінген Pfizer вакцинасы жеткізілмей қалды. Ал келіссөз нәтижесі бойынша компания биыл мамыр айында 2 миллион дозаны жеткізіп беруді жоспарлаған.

Ол препараттың біздің нарығымызға келуіне кедергі жасайтын лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолдануды тапсырды.

Президент вакцина таңдау құқығын барынша кеңейту керектігін ерекше атап өтті. Себебі кейбір қазақстандықтар дәл осы вакцинаны күтіп отыруы мүмкін.