Қазақстанда президент сайлауы басталды

0
511

Бұл жолғы сайлауда алты кандидат бар.


Қазақстанда президент сайлауы басталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Айта кетейік, бұл жолғы сайлауда алты кандидат бар.

Қарақат Әбден "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінен;

Нұрлан Әуесбаев оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан;

Жигули Дайрабаев "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;

Мейрам Қажыкен "Аманат" республикалық кәсіподақтар бірлестігінен;

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық-саяси күштердің халықтық коалициясынан;

Салтанат Тұрсынбекова "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен.


Бірнеше кандидат, оның ішінде, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев дауыс беріп үлгерді.

Одан бөлек, Алматы әкімі Ерболат Досаев, премьер-министр Әлихан Смайылов, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин де дауыс берді.

ОСК мәліметтері бойынша, 8150 учаске дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ, 11 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанынан 12 учаске дауыс беруге кірісті.