Қазақстанда ресми түрде жаңа мереке бекітілді

0
720

10 тамыз - Абай күні бекітілді,


Қазақстанда ресми түрде жаңа мереке бекітілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

"22-1. Абай күні – 10 тамыз".

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.