​Қазақстанда сайлау алдында дебат ұйымдастырылуы мүмкін бе

0
1 187

Қазақстандық заңдардың бірде-бірінде процеске қатысушылар, басқа саяси партиялар дебат өткізе алмайды деген қатаң тыйым да жоқ.


​Қазақстанда сайлау алдында дебат ұйымдастырылуы мүмкін бе

ERNUR.KZ. «Заңгерлер - әділ сайлау үшін» РҚБ құрамына кіретін заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев сайлау алдында ашық дебат ұйымдастыру ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Дебат - өте қызықты әрі саяси электоралды шара. Шетелдерде, әсіресе АҚШ-та дебаттың қалай ұйымдастырылатынын көпшілік білетін болар. Бізде ол сәл басқаша ұйымдастырылады - ұйымдастырушы ретінде Орталық сайлау комиссиясы бар. Комиссия кандидаттарды дебатқа шақырып, барлығына да сөз сөйлеу кезегін береді», - деді Марат Сәрсембаев тілшілермен кездесуде.

Сонымен қатар, заңгер заңнамада жазылғандай, ОСК белгілі бір адамға басымдық бере алмайтынын, бәріне тең қарайтынын атап өтті.

«Қандай да бір басқа ұйымдар дебатты ұйымдастыра алады» деген заңда жазылмаған. Оны қазіргі таңда тек ОСК өткізе алады. Дегенмен, қазақстандық заңдардың бірде-бірінде процеске қатысушылар, басқа саяси партиялар дебат өткізе алмайды деген қатаң тыйым да жоқ», - дейді Марат Сәрсембаев.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда «Заңгерлер - әділ сайлау үшін» РҚБ мүшелері тілшілермен кездесті. Жалпы, елімізде 3 мыңға тарта заңгер сайлаудың әділ өткізілуін бақылап отыр.