​Қазақстанда салықты онлайн және банкомат арқылы төлеу жеңілдетілді

0
1 203

Салық төлеу үшін банкке барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ


​Қазақстанда салықты онлайн және банкомат арқылы төлеу жеңілдетілді

ERNUR.KZ. Салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін банкомат және өзге де электронды құрал-жабдықтар арқылы төлем жасау процедуралары жеңілдетілді, деп жазады Алтайньюс.

Салықты онлайн төлеудің мұндай әдісі тәуліктің кез келген уақытында қол жетімді. Банкке барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, онлайн төлем үшін комиссия да банкпен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Осы процедураны жеңілдету мақсатында жаңа әдіс-тәсіл енгізілмек. Енді өзге адам үшін де төлем жасауға болады және төлем тағайындауға арналған кодтардың саны 39-дан 14-ке азайыпты. Бұл ұқсас салықтардың бірігуіне байланысты мүмкін болып отыр.

Сонымен қатар, банктердің электронды сервистері арқылы төлем жасау кезінде комиссиялық алымдар төмендетіліп, қажетті төлемдер туралы хабарлама жіберетін ұялы сервис іске қосылды. ЕGov.kz порталында төлем жасау үшін салықтар тізімі кеңейтілген. Мұндай төлемді авторизациясыз және ЭЦҚ-сыз жүзеге асырады.

Қазіргі таңда аталмыш порталда жеке және заңды тұлғалар үшін 18 салық түрін төлеуге болады. Ал келер жылдан бастап салықты Мемлекеттік кіріс Комитетінің порталы арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болмақ.