Қазақстанда салықтың жаңа түрі енгізілуі мүмкін

0
635

Елімізде көміртегі салығы енгілуі мүмкін.


Қазақстанда салықтың жаңа түрі енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомство өкілдерінің сөзінше, салық салу парниктік газдар шығарындыларын саудалаудың ұлттық жүйесі (ETS) бойынша шығарындылары реттелмейтін қондырғыларға қолданылуы керек.

«Төмен көміртекті технологияларды қабылдау арқылы көміртегінің бағасын айқындау құралдары, мысалы, ETS және шығарындыларға салық секторларды өндірушілерді көміртексіздендіруге көшуге ынталандырады. ETS өнеркәсіп үшін шығарындылардың шығынын нақтылайды. Осылайша, бұл баға сигналдары Қазақстанның энергетика секторының трансформациясын қолдауы мүмкін», деп түсіндірді Экология министрлігінің өкілдері.