Қазақстанда сапасыз интернет үшін айыппұл салынады: Операторлардың бірі жауап берді

0
2 441

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инетернеттің сапасы нашар болғаны үшін операторларға айыппұл салынатыны туралы айтқан болатын.


Қазақстанда сапасыз интернет үшін айыппұл салынады: Операторлардың бірі жауап берді

ERNUR.KZ. "Digital Almaty 2021- Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" атты халықаралық форумында "Қазақтелеком" АҚ интернет сапасы нашар болса, операторларға айыппұл салу мәселесіне қолдау көрсететіндерін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инетернеттің сапасы нашар болғаны үшін операторларға айыппұл салынатыны туралы айтқан болатын.

"Қазақтелеком" АҚ департамент басшысы Амирали Сеилов компанияның бұл бастамаға толығымен қосылатынын және өздері ұсынып отырған интернеттің сапасы жақсы екенін жеткізді. Алдағы уақытта да интернетті жақсарту үшін барлық жағай жасалатын болады дейді ол.


"Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдаймыз. Біздің компаниямыздың өзі жиырма жылдан бері қалаларды, ауыл-аймақтарды интернетпен қамтамасыз етуде. Елу үш мыңнан астам оптика талшығын салып, мелекеттік жеке серіктестік бағдарлама аясында тағы да он төрт жарым мың киллометрге дейін интернет желісін жалғадық. Бүгінгі таңда екі жүзден артық ауыл интернетпен қамтамасыз етілді. Министрлікпен біріге отырып, ауылдарға интернет желесін тартуды ойлап отырмыз. Біз интернет тартқан кезде оның сапасына мән береміз. Жұмысымыз шынымен де нәтиже бергенін қалаймыз. Сондықтан, біз қостырған интернет желілері сапасыз болмайды деп айта аламын. Бұл бастама көтерілсе, еліміздегі интернет әлдеқайда жылдам жұмыс жасап, сапалы болады деп ойлаймын", - дейді Амирали Сеилов.