​Қазақстанда сатылған LOL қуыршағы денсаулыққа зиян болып шықты

0
2 055

Ай сайынғы тексеріс барысында қуыршақ зиянды деп табылды.


​Қазақстанда сатылған LOL қуыршағы денсаулыққа зиян болып шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанда сатылған LOL қуыршағы денсаулыққа зиян болып шықты. Фенол мен формальдегид мөлшерден тыс қолданылған қуыршақ Шығыс Қазақстан облысының дүкенінен табылған. Оны қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері анықтады, деп жазады Today.kz.

Ай сайынғы тексеріс барысында қуыршақ зиянды деп табылды.

"Ойыншықта фенол мен формальдегид екі және ондаған есе көп. LOL қуыршағының бұл түрінде Ресей Федерациясындағы орган берген сәйкес сертификат бар", - делінген хабарламада.

Ойыншықты қытайлық "YiliHansonTradeLogisticsCo., Ltd" компаниясы өндірген.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ережеге сәйкес келмейтін өнімді сөреден алып тастады. Республика бойынша зертханалық тексеріс күшейтілді.

Зиянды ойыншықты сатып тұрған сатушылар әкімшілік жазаға тартылды.

Ата-аналардан балаға ойыншық таңдағанда оның сертификаты болуын, тауардың таңбасын, қуыршақ дайындалған материал туралы ақпараттың болуын қадағалауды өтінеміз.