Қазақстанда сәуірден бастап қызылшаға қарсы егу басталады

0
972

Ең алдымен балалар егіледі.


Қазақстанда сәуірден бастап қызылшаға қарсы егу басталады

ERNUR.KZ. Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қызылшаға байланысты қазіргі жағдай жайында баяндады, деп жазады Zakon.kz.

"Қызылшаға қатысты жағдай бұрынғы деңгейде, аптасына 400-ге дейін тіркелуде. Біз 1 сәуірден бастап вакциналауға кірісеміз. 20 наурызға қарай қызылша, паротит және қызамыққа қарсы арнайы вакцина келіп түседі. Біз 478 мың доза аламыз, сол вакцинаны ең алдымен балаларға егеміз. Биыл инфекцияға 1 жасқа толмаған балалар да шалдығуда, сондықтан біз егу жасын тоғыз айға дейін түсірдік. Бұл ғылыми дәлелденген тәжірибе, бұл әдістемені бұрын да қолданған болатынбыз," – деді ол.

Оның айтуынша, вакцина медициналық қызметкерлерге де салынады.

"Вакцинаның негізгі көлемі өз еркімен алғысы келетіндерге бағытталмақ. Одан кейін жазға қарай, қажет болса тағы да вакцина алдыртамыз," – деп нақтылады бас санитарлық дәрігер.

Былтырғы жылдың қараша айынан бері қызылшамен көбіне 1 жасқа толмаған және медициналық қарсы көрсетілім себептері бойынша егілмеген балалар ауыруда.

"Соңғы жылдары вакцинадан бас тарту жағдайлары жиі кездесетін болды. Ата-аналардың кінәсінен егілмегендердің ішінде ауырып қалғандардың жалпы үлесі шамамен 12%," - деп қосты Бекшин.